Қытай астанасындағы шара аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті, мерекелік дастархан жайылды, онда бауырсақ, қуырдақ, шұбат және қымыз сияқты ұлттық тағамдар мен сусындардан басқа Наурыз көже болды.
Наурыз туралы әндер, ұлттық билер мен әдет-ғұрыптар, шуақты ауа-райы және Бейжіңдегі іс-шараға таза ауа мерекелік атмосфера сыйлады.
Балалар суреттері байқауының қорытындысы шығарылып, барлық қатысушыға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қызыққа толы Наурыз мейрамы Шанхайда да өтті.
Балалар ересектермен бірге мерекелік концерт дайындап, көрсетті. Көрермендердің назарына қазақ дәстүрлерінің әндері, күйлері, театрландырылған көріністері ұсынылды.
Автор: Руслан Сүлейменов