НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай астанасы - Бейжің қаласындағы 2022 жылғы Қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қытай астанасы Жазғы және Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған алғашқы қала болады.
Жарыс Бейжің орталығы, Яньцинь және Чжанцзякоу секілді үш аймақта өтеді.
Бейжіңде керлинг, хоккей, конькимен жүгіру спорты, ерлер мен әйелдер арасындағы сноубординг, шаңғы фристайлындағы биг-эйр бәсекелерін қабылдайды.
Ал астана маңында орналасқан Яньциньде шаңғы, бобслей, скелетон және шана спортында медальдар жүлделері сарапқа салынады.
Хэбэй провинциясында орналасқан Чжанцзякоу қаласында сноубординг, шаңғы спортының барлық түрі және биатлон жарыстарын қабылдайды.
Ойындар «таза мұз бен қардағы қуанышты күн» ұранымен өтеді және 2008 жылғы жазғы Олимпиада мұрасына сүйенеді.
Айтулы сынға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар қатысады.
Дәл қазір 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтуде.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.