Важенина 75 келіге дейінгі санатта Бейжің ойындарының күміс жүлдегері атанған еді, «алтын» қытайлық Цао Лэйге, ал «қола» ресейлік Надежда Евстюхинаға бұйырған.
ХОК сайтында хабарланғандай, Цао Лэйдің нәтижесі күшін жояды, себебі оның допинг-сынамасынан бой өсіретін гормон арттырғыш заттар табылған.
Тамыз айында ХОК қытайлық ауыр атлеттің допинг-сынамасынан тыйым салынған заттар табылғанын мәлімдеген еді.
Осылайша, «алтын» Бейжің Олимпиадасында екінші орын алған қазақстандық ауыр атлет Алла Важенинаға бұйыратын болды.