Оқиға орнына оннан астам өрт машиналары жеткізіліп, қазіргі таңда тілсіз жау ауыздықталды. Өртті сөндіруге және адамдарды құтқаруға 120-ға жуық адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ТАСС.
Өрт салдарынан дипломатиялық өкілдіктегі бас ғимараттың бірінші қабатындағы бірнеше кеңістіктер зардап шекті.
Габон елшілігі Бейжіңнің айтулы аудандарының бірінде - Чаоянда орналасқан. Бұл аумақта көптеген елдердің дипломатиялық өкілдіктері бар. Оқиға орнына жақын жерде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) хатшылығы, сондай-ақ АҚШ елшілігі резиденциясының бірі орналасқан.