2011 жылдың қазанында Бейжің-Үрімші бағытындағы рейсін орындаған «China United Airlines» компаниясы ұшағының бортында 28 жастағы қытайлық әйел ұшақтың жарылу қаупі туралы хабарлады. Экипаж мүшелері жолаушыны қарусыздандырғаннан кейін ұшақ Ганьсу провинциясындағы әуежайлардың біріне қонды. Ұшақтың ішінде 160-қа жуық жолаушы мен экипаждың 10 мүшесі бар еді.
Оқиғадан соң әуе кемесінің іші тексерілді, жалған «лаңкестің» жүгінің ішінен жарылғыш заттар табылды. Өзінің бұл әрекетін Ван сол арқылы жұбайын қорқытып, кек алмақшы болғанымен түсіндірді.
Оқиғаны тергеу барысында әйелдің психикалық ауытқушылығы бар екені анықталды.