Бейжің жаңа теміржолдардың құрылысын тоқтатып қойды

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Қытай билігі жаңа теміржол магистральдарының құрылысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Үш апта бұрын Вэньчжоу провинциясында екі пойыз соқтығысып, 40 адам қаза тапқан еді.

Әзірге апаттың себебі тергеліп жатыр, Қытайдың теміржолдарында жылдамдықты арттыру қатаң бақылауға алынған.