Жеке 3D принтерінде басып шығарылған бөліктерді қосу арқылы салынған бұрынғы ғимараттардан ерекшелігі екі қабатты вилла толассыз құю арқылы салынды.
Ғимарат алаңы - 400 шаршы метр, қабырға қалыңдығы - 250 см. Әр қабаттың биіктігі 3 метр, үй 45 күнде салынды. Құрылыс үдерісі толықтай компьютермен бақыланды.
Еске салсақ, 3D-принтері - сандық 3D-үлгісі бойынша жеке нысанды қабаттап салу әдісімен пайдаланылатын перифериялық құрылғы.
3D-баспаны түрлі тәсілмен, түрлі материалдарды пайдаланып жүзеге асыруға болады. Олардың негізіне қатты нысанды қабатты (өсіріп) салу қағидаты қолданылады.