Ежелгі құстың бірегей үлгісі 2016 жылы Мяньманың оңтүстігінде табылды, алайда оның уақытын анықтау үшін ғалымдар айлап еңбек етті. Балапанның ұзындығы 6 мм, шайыр қабаты арқылы оның басы, мойны, қанаты, аяқтары, құйрығы, жұмсақ тіндері - терісі мен қауырсынын көруге болады.
«Бізге тарихқа дейінгі қанаттыларды зерттеудің аса сирек мүмкіндігі бұйырды. Әрі құстың құлақ тесігі, көзі, аяғындағы қабыршағы да жақсы сақталған», - деп түсіндірді журналистерге қазылған үлгінің құндылығын Лос-Анджелестегі жаратылыс тарихы мұражайының қызметкері Луис Чиаппе.
Америкалық ғалымның айтуынша, құс бірнеше апталық кезінде кәріптас шайырына батып қалған.