Бейжіңде А (H1N1) тұмауына қарсы вакцина егу басталды

АСТАНА.  Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат -    Бейжіңде А (H1N1) тұмауына  қарсы  вакцина егу басталды.    Қалада    білікті      дәрігерлер        тұрғындарға вакцина  егетін   429   медициналық  учаске ашылды.

 Бұл  мақсатқа  1,7  миллион   дозадан  астам    вакцина  әзірленіп  отыр,    деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Жергілікті  өкіметтің  шешіміне сәйкес алдымен     азаматтардың  жекелеген санаттарына, атап айтқанда   медициналық   қызметкерлерге,   балалар мен жасөспірімдерге,  оқытушыларға,   жүкті әйелдерге,     қоғамдық  көлік  қызметкерлеріне  және қарттарға   вакцина тегін егіледі.   Дерек көздердің  хабарлауынша,  аталған  санаттарға   кіретін адамдардың барлығы  2009 жылдың соңына  дейін вакцина  қабылдап болады.

Бейжіңде  қазіргі уақытта  «доңыз тұмауын»  жұқтырудың   5 мыңнан  астам оқиғасы  тіркеліп  отыр.      Ауырғандардың 80 пайызы     студенттер екенін айта кету керек.