Бейжіңде аптап ыстық салдарынан екінші дәрежелі дабыл жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің билігі жексенбіде аптап ыстыққа байланысты ең қауіпті «қызыл» дабыл деңгейінен кейінгі «сарғылт» дәрежелі дабыл жарялады.

Қаладағы температура 40 градусты көрсетті. Бейжің метеорологиялық қызмет температураның жоғарылауын жауын-шашынның аздығымен байланыстыруда.

Метероқызмет сәрсенбі күні ыстықтың беті сәл қайтады деп болжауда, деп жазды РИА Новости.