Кездесу барысында тараптар қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөнінде, сондай-ақ, Астанада 2017 жылы «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бойынша өз пікірлерімен алмасты.
Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, өткен жылы Қазақстанның астанасы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны болып таңдалған болатын.