Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов басқарды. Ашылу рәсімінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян Стамбул үдерісінің Ауғанстанға бейбітшілікті орнату және тұрақтылықты нығайтуда көмек көрсету бойынша халықаралық әрекеттерін үйлестіру ісіндегі маңыздылығын атап өтті. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Ахмадзай ауған халқына көрсеткен көмегі үшін және АИР үкіметіне жәрдемдесу үшін үдерістің барлық қатысушыларына алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасының АИР-да бейбітшілікті орнатуда рөліне және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын ерекше атап өтті. Қазақстандық делегацияның басшысы Қазақстан Ауғанстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі халықаралық әрекеттерін толық қолдайтынын және Стамбул үдерістің белсенді қатысушысы болып табылатынын мәлімдеді. Ол Ауғанстан жөніндегі Стамбул үдерістің 3-ші министрлік конференциясының 2013 жылда Алматы қаласында өткізілгенін ескертті. А.Мусинов Елбасымыздың бастамасымен Қазақстан көп жылдар бойы Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда және нақты іс-шараларды іске асыруда. Осы іс-шаралар ішінде - азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарды жолдау, АИР бірқатар өлкелерінде мектеп, аурухана және жолдарды салу. Сонымен қатар, 2010 ж. бастап ауғандықтарды Қазақстанның жоғары білім орындарында азаматтық кәсіптерге (дәрігер, мұғалім және т.б.) оқыту бойынша кең көлемді бағдарлама жүргізілуде. 4-ші конференцияның қорытындылары бойынша Ауғанстан жөніндегі Стамбул үдерісінің Бейжің декларациясына қол қойылды. Ауғанстан жөніндегі Стамбул үдерісі 2011 ж. қарашада Стамбулда «Азияның жүрегі» атты Ауғанстан бойынша сыртқы істер министрлері деңгейіндегі халықаралық конференциясының нәтижесінде басталды. Оның негізгі мақсаты - Ауғанстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуға және осы өңір мен халықаралық қоғамдастығының экономикалық және саяси өміріне үйлесімді интеграциясына жәрдемдесу.
18:52, 31 Қазан 2014
Бейжіңде Ауғанстан жөніндегі Стамбул үдерісінің 4-ші министрлік конференциясы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30-31 қазанда ҚХР астанасы Бейжің қаласында Ауғанстан жөніндегі Стамбул үдерісінің 4-ші министрлік конференциясы өтіп, оған 14 қатысушы-мемлекет пен үдерісті қолдайтын 16 елдің, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЕО қатаралы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.