Бейжіңде автобус базардағы адамдарды қағып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңнің солтүстігіндегі Чанпин ауданында шағын автобус ауыл шаруашылығы базарында жүрген адамдарды қағып кетті. Төрт адам мерт болды, өзге де зардап шеккендер бар.

 Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, оқиға сәрсенбі күні түскі үштерде орын алған. Белгісіз себептермен шағын автобус Мачикоу кентіндегі базарға соқтығысқан.

Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Микроавтобус жүргізушісін полиция қамауға алды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.