Бейжіңде баскетболдан Азия фестивалі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан Бейжіңде өтіп жатқан  Азия фестивалінде       Қазақстан  құрамасы үндістандық спортшылардан  басым түсті,

                                          
   
деп хабарлайды ҚазАқпарат.   
    Виталий Стребковтан тәлім алған қазақстандықтар     Үндістан құрамысынан    76:73 және  93:56 есебімен басым түсті. Бүгін олар   Катар құрамасымен сайысқа түсуде. Тайвандағы Джонс кубогында катарлықтар төртінші, ал қазақстандықтар 6-шы орын алған  болатын. Тамыздың 1-і күні басталған бұл жарыс   ұлттық құрама үшін Азия чемпионатына  дайындықтың бір сатысы ретінде қарастырылып отыр. Биылғы Азия чемпионаты  тамыздың 6-16 күндері аспан асты елінің Кьянжин қаласында өтеді.