Жексенбі күні поляк жеңіл атлеті шарбалғаны 80,88 метрге лақтырып, жеңімпаз атанған еді. Спортшы жүлдесінің жоғалғанын дүйсенбі күні ғана біліп, полициядан көмек сұрап келді. Құқық қорғау органдары спортшыны жеткізіп салған такси жүргізушісін тапты. Ол медальді қайтарып, Файдектің сол кезде қатты мас болғанын айтқан.
Файдек - әлемнің екі дүркін чемпионы және еуропалық біріншіліктің күміс жүлдегері.
Фото: ЕРА