Бейжіңде екінші бала тууға рұқсат берілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында ерлі-зайыптыларға екеуінің бірі өз отбасында жалғыз болса, екінші балалы болуларына рұқсат етілетін болды. Мұндай шешімді бүгін Бейжің заңнамалық жиналысы сессиясының кезекті отырысында халық депутаттары қабылдады.

Қытай астанасы «бір отбасы - бір бала» демографиялық саясатын босаңсытқан Аньхой, Чжэцзян және Цзянси провинцияларынан кейінгі төртінші әкімшілік-аумақтық бірлік атанды.

Қытайда 1970 жылдың аяғынан бастап қолданысқа енгізілген бала тууға қатаң тыйым салу саясаты елдің еңбекке қабілетсіздігі, халықтың тез қартаюы, гендерлік теңгерімсіздік сияқты керағар көптеген әлеуметтік проблемалар тудырды.

ҚХР билігінің 18-ші шақыртуында ҚКП ОК-ның қарашада өткен 3-ші пленумының барысында «бір отбасы - бір бала» саясатын жұмсарту туралы шешім қабылданды.

2010 жылы халықтың жалпықытайлық санағы нәтижесі бойынша ҚХР халқы 1, 34 млрд. болған. Болжам бойынша, 2050 жылы 60 жастан асатын қарттардың саны ел халқының үштен бірін құрайды. 2030 жылы миллиондаған қытай ер азаматтары өздерінің жарларын табу мүмкіндігінен айрылады.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, Қытай теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін ел халқын 1,5 млрд. деңгейінде ұстауы қажет.