Бейжіңде Халықаралық сиқыршылар фестивалі ашылды

БЕЙЖІҢ. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - ҚХР Мәдениет министрлігі, Бүкілқытайлық мәдениет және өнер қызметкерлерінің қауымдастығы, Бейжіңнің халықтық үкіметі ұйымдастырған Халықаралық сиқыршылар фестивалі жексенбіде Қытайдың астанасында ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың деректері бойынша биылғы фестивальға 66 елден және әлемнің аймақтарынан 2500 сиқыр шеберлері қатысуда. Көрермендер үшін ерекше тарту 100 нөмір көрсетілетін конкурстық бағдарлама болмақшы.

Бұл фестиваль ағымдағы жылғы шілденің 26-сы мен 30-ы аралығында өтеді.