Бейжіңде қазақ тілінің мәртебесін көтерген байқау өтті - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Бейжіңде қазақ тілінің мәртебесін көтерген байқау өтті - «Жэньминьжибао» (People Daily)

Бейжің қаласындағы Орталықұлттар университетінде, Қытайдың жоғары оқу орындарында оқып жатқан өзге ұлтстуденттері арасында қазақ тілінен республикалық байқау өтті, деп хабарлайды kazakh.people.com.cn сайты.

«Қытайда қазіргі күні өзгеұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс артып келеді.Сондықтан да Қытайдың Орталық ұлттар университеті, Шыңжаң университеті, Ілепедагогикалық университеті секілді танымалы білім ордаларында өзге ұлт студенттерінеарналған қазақ тілін үйрететін сыныптар ашылған. Міне осы оқу орындарыныңстуденттерінің білім деңгейін сынауға арналған, 2019 жылғы республикалық қазақтілі байқауын Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетінің қазақ тілі жәнеәдебиеті факультеті ұйымдастырған. Бұл аталған жарықса Бейжің шетел тіліуниверситеті, Шыңжан университеті, Іле педагогикалық университеті және Орталықұлттар университетінің 26 студенті қатысты»,- деп жазады People Daily.

Аталған ақпарат көзініңжазуынша, қатысушылардың деңгейін әр қырынан сынаған байқау бірнеше кезеңгебөлінген. Олар жазбаша, ауызша сынақ тапсырып, қытай, қазақ тілдерінде ауызекіаударма жасау, берілген қазақша мәтінді жатық оқып, мазмұндап беру, жаңылтпашайту, мақал-мәтелдерді аудару, берілген тақырып аясында мақала жазу түрлерібойынша сынақтардан өткен.

«... Осылайша, екі күнгежалғасқан іс-шара соңғы мәресіне жетіп, қазылар алқасы қазақтың тілін жақсымеңгеріп, шын жүйрік екендігін дәлелдеген жеңімпаздарды анықтады. Байқаудың басжүлдесін Шыңжаң университетінің студенті Уаң Зыли мен Іле педагогикалықуниверситетінің студенті Фың Лили қанжығалады», - деп жазады қытайлық БАҚ.

Қазақстанның «Ел арна» телеарнасында түрік фильмдерікөрсетіле бастады - TRT

Түркия мен Қазақстанарасында фильм саласында келісім жасалды. Қазақстанның «Ел арна» телеарнасындатүрік фильмдері көрсетіле бастады, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

«Хабар Агенттігі» АҚ-ныңқұрамындағы республикалық телеарналардың бірі «Ел арна» ұйымдастырған «Түрікфильмдері апталығы» аясында 10 түрік фильмі қазақ көрермендеріне ұсынылады.

Қазақ көрермендеріараларында «Махаббат пен өлім уақыты», «Суық, жаңбыр жауып тұрды», «120» және«Моммо - қарындасым» сияқты туындылар бар фильмдерді қазақша дубляжіментамашалайды.

Түрік фильм апталығыкөрсетілімі Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшілігінің қолдауымен жүзегеасуда. Түркияның Қазақстан елшісі Невзат Уянык «Мақсатымыз бұл іс-шарамен екіел арасындағы мықты мәдени байланысқа үлес қоспақ» деді.

Қазақстанның фильмтелеарнасы «Ел арна» теледидары тарапынан жүзеге асырылатын түрік фильмдеріапталығы 10 күнге жалғасады. Аталмыш фильмдер Қазақстан телеканалында қазақтілінде дубляжбен көрсетілетін алғашқы фильмдер болу ерекшелігіне ие.

Қытай елі Токио олимпиадасында боксшы ТоқтарбекТаңатқанұлына үміт артады - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Қытай елі сенім артып,таңдау жасаған боксшы Тоқтарбек Таңатқанұлы Токио-2020 Олимпиада ойындарынаіріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтуге тыңғылықты дайындалып жатыр, деп хабарлайдыҚытайлық kazakcnr.com сайты.

Аталған дереккөзініңжазуынша, Қытай мемлекеті әлемдік додаға үкілеп қосқалы отырған, елдің үздікбоксшысы, қандасымыз Тоқтарбек Таңатқанұлы 1996 жылы Қытай ХалықРеспубликасының Алтай қаласында туған. Тоқтарбек 10 жасынан бастап, Қытайдағыбелгілі бапкер Мұрат Бошайұлының шәкірті атанып, бокстің қыр-сырын меңгереді.

«...Тоқтарбек Таңатқанұлы 2011жылы Шыңжан құрама командасына қабылданған. Ол Шынжаң өлкесінің үш дүркінчемпионы, ҚХР-дың жастар арасындағы біріншілігінде бас жүлдені де қанжығалаған.Сондай-ақ, 2017 жылы Қытай чемпионатында 75 келі салмақта қарсыласынбасымдықпен ұтып, ел чемпионы атанған. Тоқтарбек Таңатқанұлы осы жеңісіненкейін, 2017 жылы бокстан Қытай ұлттық құрама командасына қабылданады. Бүгінгікүні ол Қытай ұлттық құрамасындағы 75 кг салмақ дәрежесіндегі ең үздік былғарықолғап шебері атанған. Сондықтанда, Тоқтарбек Таңатқанұлы Қытайдың Токио-2020Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алуына сенім артып, үкілеп қосатын боксшысымәртебесін иеленіп отыр», - деп жазады CNR.

Нұр-Сұлтанда жаңартылатын қуат көздері туралы үшіншіотырыс өтеді - «Фарс» ақпарат агенттігі

Қазақстанның Энергетикаминистрлігі Нұр-Сұлтан қаласында әртүрлі елдерден 300 өкілдің қатысуымен жаңартылатынқуат көздері туралы үшінші отырыс (Renewable Energy Summit 2019) өтетінінхабарлады, деп жазады parstoda y ақпарат агенттігі.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша,Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл отырысты өткізудегі мақсаттың қайтақалпына келетін қуат көздерін пайдалану мәселелерін талқылау және өз елі менәлемдік қауымдастықтың жасыл болашағын жасауға айтарлықтай үлес қосу үшін еңүздік әрі тиімді шешімдер қабылдау екенін мәлімдеді.

Бұл жобада, сондай-ақ,қалпына келетін қуат көздері саласында тәжірибемен алмасу үшін сарапшылар,инвесторлар мен білікті мамандарды Қазақстанға тарту қарастырылған.

Бұл отырыс Қазақстанныңэнергетика апталығы (Kazakhstan Energy Week 2019 (KEW-2019) аясында өтеді.

Өзбекстан Моңғолиямен экономикалық байланыстардынығайтпақ - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

Өзбекстан Моңғолияменэкономикалық байланыстарды нығайтпақ. Бұл жайында Өзбекстан РеспубликасыПрезидентінің жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттікақпараттық агенттігі.

Аталған ақпарат көзініңжазуынша, Жарлықта, Өзбекстан Республикасы Моңғолия Республикасыменэкономикалық байланыстарды нығайтуға қаратылған негізгі бағыттар көрсетілген.Онда,

-Өзбекстан мен Моңғолияарасында әуе жолдары мен транспорт қатынасын ашу;

-Өзбекстаннан Моңғолияға көкенісжәне дақылдар, қауын, жүзім және басқа да өнімдерді жеткізу;

-Моңғолиядан Өзбекстанғает және ет өнімдері мен басқа қажетті заттарда әкелу көзделген.

Құжатта, «Өзбекстан әуежолдары» ұлттық авиакомпаниясы тарапынан Моңғолия Республикасына бағытталғанәуе жолдар дәлізі бір ай ішінде ашылсын. Сондай-ақ тауарларды тасу және олмемлекеттен әкелінетін ет және ет өнімдерін әкелуде көрсетілетін қызметтеріқолайлы бағады жүзеге асырылсын», - деп көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар