Бейжіңде қазақ жастары Жаңа жылды домбыра сазымен қарсы алды
23:51, 01 Қаңтар 2018
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 31 желтоқсанда Бейжіңде Қытайдағы қазақ студенттерінің бірлестігі «Үкілі домбыра» творчестволық кешін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Мәдени шараға ҚХР-дағы қазақ диаспорасының қатарынан шыққан студенттермен бірге қытайдың ұлттық саз аспаптарын ройнайтын шебер музыканттар да қатысты.