Бейжіңде «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ мен қытайдың «Жэньминьван» сайты арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

None
БЕЙЖІҢ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ мен қытайдың «Жэньминьван» сайты арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Күннің алғашқы жартысында «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Дәурен Дияров «Жэньминь Жибао» газетінің бас редакторының орынбасары Ма Лимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар пікір алмасып, Қазақстан мен Қытай арасында БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. «Жэньминьван» сайтының президенті Ляо Хун мен Д.Дияров сайттың редакциясын аралап көргеннен кейін, «ҚазАқпарат» АҚ мен «Жэньминьван» арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Келісімге қол қою шарасына Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің кеңесшісі Мұрат Есмағамбетов, ҚР елшілігінің пресс-атташесі Әрсен Әбділдин қатысты.

Өзінің алғы сөзінде Д.Дияров, Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі екендігін атап өтті. Біздің елдерді басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың  жоғары межесін белгіледі, делегациялармен алмасу, жоғары деңгейдегі кездесулер өте белсенді жүруде. «Бұл, біз жай ғана көрші емес, өте жақын достар екенімізді көрсетеді», - деді ол.

«Біз ақпараттық агенттік ретінде ҚХР-дың Қазақстандағы елшілігімен және елші Чжоу Лимен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз. ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао біздің агенттікке эксклюзивті екі сұхбат беруі ерекше атап өтерлік жайт. Жуырда ғана Қытайдың Сыртқы істер министрі Ян Цзечи «ҚазАқпаратқа» мазмұнды сұхбат берді», - деп атап өтті «ҚазАқпарат» АҚ-ның басқарма төрағасы.

Бұдан кейін Д.Дияров, елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың тамыры тереңде жатқанын атап өтті, Қазақстанның аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға өткен Ұлы Жібек жолы - елдеріміз тарихын байланыстырды. Бүгінде Жібек жолының қазіргі күнгі нұсқасы - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралі салынуда. Елдеріміз арасындағы сауда айналым 100 млн. доллардан 23 млрд.-қа жуық долларға артты.

Бұдан әрі, ұлттық компаниялардың басшылары гуманитарлық байланыстарды жандандыруға кез жеткенін атап өтті. Мәселен, өткен жылы ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, екі тарап саяси өзарасенімділікті барынша бекіту қажеттігін, екі елдің жоғары деңгейдегі байланысын сақтауды, сондай-ақ парламентаралық және үкіметаралық алмасу, энергетикалық, көліктік, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салаларда тәжірибелік ынтымақтастықты бекіту, халықаралық және өңірлік деңгейде кеңестер мен өзара әрекеттестікті еселеуді айтты.  

«Қол қойылған осы келісім елдеріміз және халықтарымыз арасындағы ынтымақтастықты дамыту ісіне қосатын өзіндік үлесіміз болады деп ойлаймын», - деп түйіндеді Д.Дияров.