Консультация барысында ШЫҰ-ның қазақстандық төрағалығы кезіндегі негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстанның бастамасымен 2010-2011 жылдарға арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-қимыл жоспары талқыланды.
Сонымен қатар Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы Мұратбек Иманалиевпен кездесу өткізді. Әңгіме барысында Қазақстанның төрағалығы кезіндегі Ұйымның жұмысына қатысты мәселелер және ШЫҰ-ның құрылғанына 10 жыл толуына орай Астанада 2011 жылдың маусымында өтетін мерейтойлық саммитке дайындық барысы айтылды.