Бейжіңде Қазақстан Тәуелсіздігінің күніне орай салтанатты қабылдау өтті

БЕЙЖІҢ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бейжіңде ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай салтанатты қабылдау өтті.

ҚХР-ғы ҚР Елшілігімен ұйымдастырылған салтанатты шараға ресми, іскерлік, ғылыми, қоғам және БАҚ өкілдері, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық корпустың, қазақ диапорасының өкілдері және Бейжіңде жұмыс істейтін қазақстандықтар қатысты.

ҚХР-ғы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрлан Ермекбаев өз сөзінде ресми қабылдаудың қатысушыларына Қазақстанның 21-ші тәуелсіздік күнін тойлауға арналған шараға атсалысқандары үшін алғысын білдірді.

Н. Ермекбаев сөз соңында екі елдің халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.

Шараның барысында қонақтардың назарына кең ауқымды концерттік бағдарлама ұсынылды, оған астаналық этномузыкалық Beles тобы қатысты.