ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өз сөзінде көрме Қазақстанның туристік бағытымен, мәдениетімен, дәстүрімен және тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
ҚР-ның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев көрме қонақтары мен келушілерін Қазақстанның туризм саласындағы әлеуеті туралы хабардар етіп, елімізде туризмнің экологиялық, мәдени, танымдық, спорттық түрлері барын жеткізді.
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін келушілерге Қазақстан туризмінің барлық перспективалы түрлері көрсетіліп, таныстырылды. Соңында концерттік бағдарлама болды.
Көрме ел астанасындағы Шоуган саябағындағы «Чжунгуанцун» инновациялық орталығында өтіп жатыр. Іс-шараға ҚХР министрліктері мен ведомстволарының, ШЫҰ хатшылығының өкілдері қатысты.