Бейжіңде ҚХР Төрағасының ҚР Президентін ресми қарсы алу шарасы өтті (ФОТО)
Екі елдің көшбасшылары өзара амандасқаннан кейін делегация мүшелерімен қол алысты. Осыдан соң Қазақстан мен Қытай әнұраны ойналып, Н.Назарбаев пен Си Цзиньпин оркестр әуені аясында қызыл кілеммен жүріп өтті және Қытай халықтық азат ету армиясының барабаншылар сапының, әскерлердің үш түрі өкілдерінің шеру маршын қабылдады.
Әдеттегідей ҚР Президентін қолдарында екі елдің туларын ұстаған бүлдіршіндер «Қазақстан» деген ұранмен қарсы алды.
Бұл Н.Назарбаев пен Си Цзиньпиннің осы жылғы төртінші және ҚХР Төрағасының өз қызметіне кіріскен сәтінен бергі оныншы кездесуі.
Естеріңізге сала кетейік, Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні Елбасы қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.