Оны Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігі ұйымдастырды. 2 шілдеде басталған турнирге қазақстандық дипломаттар, ұлттық компаниялардың өкілдері және олардың отбасы мүшелері - жалпы 12 адам қатысты.
Турнирде дипломаттың 21 жастағы ұлы Арыстан Әлібаев жеңімпаз атанды.
«Бала кезден әкеммен шахмат ойнаймыз. Қазақстандық дипломаттың отбасы мүшесі ретінде осымен екінші рет турнирге қатысып отырмын.
Алғаш рет 10 жасымда Өзбекстандағы турнирге қатысып едім. Бұл жолы мықты қарсыластар көп болды, әсіресе былтырғы чемпиондарға қарсы ойындарда табанды қарсылыққа душар болдым», - дейді жас чемпион «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында.
Жүлдегерлерге ҚР елшісі Шахрат Нұрышевтің атынан құнды сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Дипломатия қызметі күніне орай шахматтан дәстүрлі турнир ұйымдастыруды 2017 жылы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігі бастаған болатын.
22:20, 11 Шілде 2018
Бейжіңде ҚР Дипломатия қызметі күніне орай шахматтан турнир өтті
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚХР астанасы Бейжіңде Қазақстанның Дипломатия қызметі күніне орай шахматтан ұйымдастырылған турнир қорытындыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.