Тараптар аталмыш компания мен қазақстандық бизнес-құрылым өклдері ынтымақтастығының мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
Қытайлық бизнесмен «Jumore» трансшекаралық электронды саудада «B to B» ( бизнеспен бизнес) форматындағы мәселелермен айналысатын алғашқы компаниялардың бірі екендігін атап өтті. Қомпания мұнымен қатар, химия, түсті металл, пайдалы қазбалар, энергетика, болат қорыту, ауыл шаруашылығы өнімдері салаларында логистикалық қызмет көрсетеді.
Ш.Нұрышев ҚР кәсіпорындардың «Jumore» платформасы арқылы қазақстандық ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін жылжыту аясында ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделілік танытты.
Кездесу барысында «Jumore» сайтында ҚР кәсіпорындары туралы арнайы ақпараттық бөлім құру жөнінде келісімге қол жетті.