«Қытай Халық Республикасында 4 сайлау учаскесі: Бейжің, Шанхай, Үрімжі және Гонконгта құрылды. Бейжіңде №207 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы елшілік қызметкерлері мен ұлттық компаниялар өкілдерінен құралды», - деді қазақстандық журналистерге берген сұхбатында №207 учаскесі сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі Манарбек Қабазиев.
Оның сөзіне қарағанда, қазір аталған учаске бойынша сайлаушылардың саны 2 мың адамнан асады. Негізінен бұл Бейжіңде және осы жерге жақын қалаларда оқитын студенттер, елшілік қызметкерлері мен ұлттық компаниялардың өкілдері, сонымен бірге олардың жанұяларының мүшелері.
«Сонымен қатар, бізге конституциялық құқығын жүзеге асыруға ынталы осы елді емделіп жүрген, қызметтік бабымен немесе іссапармен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтініштер түсіп жатыр», - деп қосты М.Қабазиев.
Дипломат №207 сайлау учаскесінің жұмыс уақыты таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасатынын еске салды.