Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 4-ші пленумы өтті

БЕЙЖІҢ.    Қыркүйектің 20-сы.  ҚазАқпарат - Өткен жұма күні Бейжіңде      17-ші шақырылған  Қытай  Коммунистік  партиясы Орталық комитетінің  4-ші пленумы  аяқталды,

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат  Синьхуа агенттігіне  сілтеме  жасап.

Пленум   Саяси бюро  төрағалығымен өтті.   Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің    Бас хатшысы   Ху  Цзиньтао     баяндама  жасады.   Оның  есептік  баяндамасы тыңдалып,  талқыланды  және  «Жаңа жағдайда   партия жұмысын күшейту мен   жетілдірудің  бірқатар   маңызды мәселелері  бойынша ҚХР  Коммунистік  партиясының шешімдері»  қабылданды.