Сондай-ақ іс-шараға Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының сарапшылары Қытай ұлттық Орталық университетінің оқытушылары мен студенттері, Бейжің шет тілдері университетінің жанындағы «Қазақстан Орталығы», ҚР Елшілігінің дипломаттары және басқалар қатысты.
Қытайлық студенттер ақынның өлеңдерін қытай және қазақ тілінде оқыды, ал сарапшы лингвистер Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.