ҚХР сыртқы істер министрінің жұбайы Лэ Аймэй ханым өзінің алғы сөзінде Қытай билігінің мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға үлкен назар бөлетіндігін айтып өтті. Осыған байланысты қайырымдылық шараның мақсаты Ганьсу және Хэбэй провинцияларындағы мүгедектерге арналған реабилитациялық орталықты салу болып табылады.
Жәрмеңкеге әлемнің 60 елінің тауарлары, ұлттық кәдесыйлары мен қолдан жасалған бұйымдардың көшірмелері қойылды, жәрмеңкеге Қазақстан да ат салысты. ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзэчи осы іс-шараға қатысып, Қазақстанның топтамасымен танысты.