Үкімет зираттардағы орынды үнемдеп, жерлеудің экологиялық әдісін пайдалануға ынталандыруы да күлді теңізге шашудың кең етек жаюына септесті.
2015 жылы бейжіңдік жерлеу қызметін көрсететін орталық 2000-нан астам қайтыс болған адам мәйітінің күлін теңізге шашты. Бұл 2012 жылғы көрсеткіштен екі есе көп, делінген "Жэньминь Жибао" мақаласында.
Орталық директоры Ван Дэдунның сөзіне қарағанда, бастапқыда қытайлықтар үшін бұл жат болған. Дегенмен көпшілігі қаржы себептеріне байланысты осы әдісті таңдаса, кей бейжіңдіктер қоршаған ортаны қорғау үшін осындай әрекетке барады, деп қосты ол.
2009 жылдан бастап аталған қызмет тегін көрсетіледі.