НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Бейжің қаласында XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәл қазір қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды. Аталған шараны әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар тамашалады.
Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алған.
Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.
Еске салсақ, Қазақстан Президенті Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты.
Сондай-ақ, Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада шеруінде жүріп өтті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.