Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов мәлім етті.
«Алматылық спортшылар скандинавиялық комбинация мен фристайл акробатикадан 5 лицензияны жеңіп алды. Бұл тізімде Шыңғыс Ракпаров, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмурзаева бар. Тағы 8 лицензия конькимен жүгіру, шаңғы трамплині, әйелдер хоккейі, мәнерлеп сырғанау және тау шаңғысы бойынша жоспарланған», - деді Рүстем Байсейітов.
Спикер Бейжіңде өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық қызу жүріп жатқанын тілге тиек етті.