Бейжіңде шаң-тозаңның кесірінен автомагистральдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің үстінен тұрған шаң-тозаңнан көру қиындады. Сол себепті онда бірқатар автомагистральдарды жабуға мәжбүр болып отыр.

Синьхуа тілшісі хабарлағандай, қаланың көлік қызметтері үшін 10 қазан 23:34-тен бастап Бейжіңнің Харбин мен Тяньцзинді байланыстыратын барлық жол учаскелері жабылған. 11 қазан 6:00-ден бастап Бейжің-Кэйфэн, Бейжің-Чэндэ, Бейжің-Шанхай және Бейжің-Сянган-Аомэнь магистральдарындағы қозғалысқа шектеу қойылды.

Тұманға байланысты астананың 6-шы айналма автомобиль жолының жекелеген учаскелері жабылды. Сонымен бірге, Бейжің метросының жер үсті учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша пойыздардың қозғалыс жылдамдығы азайтылған.

Синоптиктердің болжамынша, қалың шаң-тұман сенбінің түніне дейін сейілмейді, сондықтан да жергілікті метеорологиялық қызметтер оның «сары» қауіптілік деңгейінде екенін жариялады, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.