Отырыс барысында қатысушылар мүше мемлекеттердің Ұйым аясында өзара ықпалдасуының маңызды мәселелерін, атап айтқанда, 2016 жылдың маусым айында Өзбекстан Республикасының астанасында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммитіне дайындықты талқылады.
ШЫҰ-ның Бас хатшысы Р.Әлімов отырыс қатысушыларын мерейтойлық саммиттің қарсаңында Бейжің, Шанхай, Душанбе және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа қалаларында өтетін және Ұйымның құрылғанына 15 жыл толуына арналған басты шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпараттандырды.
Елшілер клубының отырысына алғаш рет Тәжікстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі Парвиз Давлатзода қатысты.