Бейжіңде ШЫҰ мемлекеттік басқару ұлттық академиялары ректорларының форумы өтті

БЕЙЖІҢ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Бейжіңде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мемлекеттік басқару ұлттық академиялары ректорларының форумы жұмысын аяқтады.

ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің және Ұйым бақылаушы елдерінің өкілдері әлемдік қаржы дағдарысына байланысты туындаған қиындықтар мен одан шығу жолдарын талқылады, әкімшілік басқару бойынша іс жүзіндегі жұмыс тәжірибелерімен алмасты.

 Тараптар ШЫҰ мүше-мемлекеттері ынтымақтастықтың саяси, экономикалық және мәдениет салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткенін, сондай-ақ ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің мемлекеттік оқу орындары мен ғылыми институттары арасындағы тығыз өзара іс-қимыл үшін берік негіз құрғанын атады.