деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдағы «Қазақ сахара» (kzsahara.cn) сайтына сілтеме жасап.
Бұл басқосу Бейжің Ұлттар университеті қазақ филология факультеті құрылғандығының 5 жылдығын атап өту және осы жоғары оқу орны қазақ филология факультетінің профессоры, Германия «Хамболт» қор қоғамының «Әлемдік танымал ғалым» деген марапаттауына ие болған, халықаралық алтай тілдерін зерттеу кеңесінің алтын медалын еншілеген, Түркия тіл ғылымы Академиясының құрметті Академигі Гің Шымин мырзаның 80 жасқа толған мерей тойына да орайластырылып өткізіліп отыр.
2004 жылы сәуірдің 15-і күні Бейжің Ұлттар университеті жанынан қазақ филология факультеті жеке шаңырақ көтерген болатын. Ал қазақ тілі мен әдебиетін зерттеу мамандығы 1953 жылы құрылған, осы сала бойынша 1979 жылдан бастап магистрлік, 1993 жылдан бастап докторлық ғылыми атақтарын қорғау дәрежесіне ие болған. Бұл қазірге дейінгі шетел астанасында орын тепкен әлемдегі жалғыз қазақ тілді факультет.
Аталмыш жиынға мемлекеттік ұлттық істер комитеті, Қытай қоғамдық ғылым академиясы, Шынжаң тіл-жазу комитеті, Шынжаң университеті, Шынжаң газеті, «Шұғыла» журналы, «Мұра» журналы, Бейжіңдегі «Халық» радиосы, «Ұлттар» баспасы қатарлы орындардан келген ғалымдар мен журналистерден құралған 100 ден астам адам қатысты.
Сондай-ақ Қазақстан, Германия сияқты мемлекеттерден келген түркология саласының мамандары да арнайы жиналысқа шақырылған екен. Шараны Қазақ филология факультеті партия хатшысы Мұқтар Әбілқақұлы басқарып ашты. Осы 3 күнде 50-ден астам зерттеулер талқыға салынады. Жиында Қазақстан мемлекеттік тіл ғылымы институты, халықаралық қазақ тілі қоғамы қатарлы ұйымдардың құттықтау жеделхаттары оқылды.