Оған қатысу үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған қазақстандық делегация бүгін кешке Бейжіңге келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметі.
Бейжіңде желтоқсанның 4-інде өтетін Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай бесінші отырысында Ө.Шөкеевтің ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишанмен кездесуі болады.
Сапар бағдарламасында Ө.Шөкеевтің Бүкілқытайлық жиналыстың халықтық өкілдері Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен кездесуі көзделген.