Қазіргі кезде Қытай астанасында жаңбыр құйып тұр. Оған қоса, күн күркіреп, найзағай ойнауда. Осының салдарынан Бейжің әуежайынан жергілікті уақыт 20:00-ден кейін ұшатын бірқатар əуе рейстері кестеден қалып жатыр. Оның ішінде Бейжің уақыты бойынша кешкі 20:05-те жоспарланған "Бейжің-Ляюйгань" əуе рейсі кейінге шегерілді.Аталмыш рейстің қашан ұшатыны əзірге белгісіз.
21:22, 13 Шілде 2017
Бейжіңде жаңбырдың салдарынан бірқатар əуе рейстері кейінге шегерілді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат- Ауа райының қолайсыз болуына байланысты Қытай астанасы Бейжің қаласынан ұшып шығатын бірқатар əуе рейстері кейінге шегеріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.