Бейжіңде жылдың басты саяси оқиғасы - БХӨЖ сессиясы аяқталды

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін күннің бірінші жартысында Бейжіңде Халық жиналысы үйінде ҚХР-дағы жылдың басты саяси оқиғасы - Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы (БХӨЖ) 12-ші шақыртуының 4-ші сессиясының жабылуына арналған ресми рәсім өтті.

Съезд делегаттары 2015 жылға арналған орталық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы баяндаманы, 2016 жылға арналған орталық және жергілікті бюджеттер жобасын, 2015 жылғы үкімет жұмысы, елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалғаны туралы, 2016 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жобасын мақұлдайтын қарарды қабылдады.

Бұдан басқа, БХӨЖ Тұрақты комитетінің жұмысы туралы баяндама бекітілді, Қытай Жоғарғы халық соты және Жоғарғы халық прокуратурасының жұмысы туралы баяндаманы, 2016-2020 жж. арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары туралы баяндама мақұлданды.

Депутаттар дауыс беру арқылы қайырымдылық туралы заңды қабылдады.

Сессия қорытындысы бойынша ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің баспасөз мәслихаты өткізілді.