Бейжіңде Зика безгегімен аурудың алғашқы оқиғасы тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай астанасында Зика вирусының безгегімен аурудың алғашқы оқиғасы тіркелді, деп хабарлады ТАСС.

Бұл туралы Бейжің денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу істері комитеті хабарлады.

Оның мәліметтері бойынша, 29 жастағы қытай әйелі, Шаньдун провинциясының тұрғыны Бейжіңге 13 мамырда Венесуэладан осы ауру беліглерімен келген. Зертханалық сынамалар оның қанында Зика вирусы бар екенін қуаттады. Қазіргі кезде ол емделуден өтуде.

Ал оңтүстікқытайлық Гуандун провинциясында жексенбі күні осы сырқатқа ұшыраған 12-ші жағдай анықталды. 37 жастағы әйел де Венесуэладан келген, оның денесіне бөртпе шығып кеткен.

Сырқатқа ұшыраған қытай азаматтарының бәрі де Латын Америкасында болған кезінде осы індетті жұқтырған. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жергілікті сарапшылар вирустың Қытайда таралу мүмкіндігі «аз» деп санайды.