Бейжіңдегі Олимпиада: Хоккейден АҚШ құрамасы Канаданы жеңді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадада хоккейден топтық турнир матчында АҚШ құрамасы Канада командасын 4:2 ұпаймен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Хоккейден АҚШ-тың ерлер командасы 12 жылда бірінше рет Олимпиада ойындарында Канада командасын жеңіп отыр.

АҚШ құрамасының хоккеистері канадалықтарды жеңгеннен кейін 6 ұпаймен А тобында бірінші орынға жайғасты. Енді Канада құрамасы Қытаймен, ал АҚШ құрамасы Германиямен ойнайды. Топтық турнирдің соңғы матчтары жексенбіде өтеді.
Турнирдің басты фавориттері қатарына Ресей, Финляндия және Канада кірді. АҚШ құрамасында Ұлттық лига ойыншылары жоқ, құрама студенттерден құралған. Сол себепті олар сөзсіз жеңімпаз ретінде қабылданып отыр.
Турнирдің ширек финалына үш топ үздіктері мен екінші орын алғандардың ішінен бір мықты құрама шығады. Қалған сегіз құрама плей-офф раундында ширек финалға шығу үшін жарысады.
Бейжіңдегі Олимпиада турниріне қатысатын үш топтың әрқайсысы төрт командадан тұрады.
А: Канада, АҚШ, Германия, Қытай
В: Ресей, Чехия, Швейцария, Дания
С: Финляндия, Швеция, Словакия, Латвия