«Бейжіңдегі №257 учаске өз жұмысын аяқтады. Мұнда күні бойы сайлаушылардың белсенді қатысуы байқалды», - деді Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық өкілдігі жанындағы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аққошқаров.
«Осы күндері Бейжіңнің Чаоян ауданында ковидке байланысты шектеулерге қарамастан, сайлаушылардың бүгінгі белсенділігі жақсы болды», - деді ол.
Қазақстан Республикасының Қытайдағы Шанхай және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта дауыс санау жүргізілуде.