Аспан асты елінің астанасында ауа сапасының индексі 315 (денсаулыққа қалыпты 100-ге дейінгі көрсеткіш).
Мектептер мен балабақшаларда дене шынықтыру сабағы тоқтатылды. Тұрғындарға серуендеуді, көшеде спортпен айналысуды шектеуге, үйлер мен жұмыс орындарында терезені жабуға, ашық ауаға шыққан кезде қорғаныс бетпердесін кию ұсынылды.
Еске салсақ, умен ластанған ауа (РМ 2.5 және РМ10 қатты бөліктері аса қауіпті келеді) жүрек, тыныс жолдары, шырыштың қабынуы, тыныстың тарылуы, иммунитеттің төмендеуі сияқты ауруларға соқтырады.
Қытайдың 9 қаласына жүргізілген зерттеу нәтижелері моторлы көліктер Бейжің, Гуанчжоу, Ханчжоу, Шэньчжэнь қалаларын ластайтын негізгі көзге айналған.
2014 жылдың соңындағы статистикалық деректерге сәйкес Қытайда 264 млн. моторлы көлік құралдары пайдаланылады, олардың 154 миллионы - автомобиль. Бұл көрсеткіш бойынша ҚХР АҚШ-тан кейін екінші орында. Бұл елдегі жолдарда 5,6 млн.-ға жуық автомобиль жүреді - орташа есеппен 100 отбасыға 63 көліктен келеді.
Шанхай, Тяньцзин мен Нинбода шаң, өнеркәсіптік өндіріс қалдықтары, Шицзячжуан мен Нанкинде көмір негізгі ластау көзі болып табылады.