Бүгінде Бейжіңдегі ауаның ластану индексі 400 бірліктен асады, сондықтан қаланың бірқатар ауданында көру мүмкіндігі 500 метрден аспайды.
Бейжің метеорологиялық орталығының сарапшылары қытайлық астанадағы ауаның ластануына Хэнань (Орталық Қытай) провинциясы себеп болуы мүмкін деп болжауда. Онда жергілікті билік шаруалардың егін жинаған соң сабанды өртеудің жыл сайын шамамен 7,8 мың оқиғасын тіркейді екен.
ҚХР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілі Бейжіңдегі ауаның түтінмен ластануына көліктер мен электр стансалары да себеп болатынын еске салды. Метеорологтардың болжамынша, Қытай астанасында түтін сенбіге дейін сейілмейді.