Бейжіңнің «Цинхуа» университетінде бірден екі жарылыс болып, бір адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңдегі «Цинхуа» университетінің химиялық зертханасында екі жарылыс болды. «Синьхуа» мәліметтерінше, экспериментші болып жұмыс істеген бір адам қаза тапты. Қазіргі кезде өрт сөндірілді. Оқиғаның себептері анықталуда.