Бейжіңнің ең биік ғимараты ашылды

None
АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Бейжіңде Әлемдік сауда орталығының (ӘСО) жер аумағында қаладағы ең биік ғимарат болып отырған «Қытайлық әлемдік сауда мұнарасы ІІІ» көпқызметті көк тіреген ғимарат ашылды. Бұл туралы Inhabitat порталы хабарлайды.

Мұнараның биіктігі 330 метр. 81 қабатты көк тіреген ғимаратта қонақ үй, кеңселер, мейрамханалар, коммерциялық жер аумақтары мен тұрғын жайлар орналасады. Ғимараттың төменгі төрт қабаты жерасты сауда орталығымен жалғасқан, онда аспалы қарағай және ландшафты «су» бақтары орналасады.

Skidmore, Owings & Merrill LLP (SOM) сәулет бюросы Arup компаниясымен бірлесе жобалаған ғимарат өзінің энергиялық тиімділігі жағынан барлық қазіргі заман талаптарына жауап беріп, LEED Gold «жасыл» сертификатын иеленуге үміт артуда. Мәселен, мұнараның сырты бөлме ішіндегі жарықты реттей алатын шыны мен металл тақтайшалармен көмкерілген. Сонымен қатар, ғимарат сейсмологиялық жағдайынан да тұрақты.

Бейжіңдегі әлемдік сауда орталығы 1990 жылғы тамыздың 30-ында ашылған еді. «Қытай әлемдік сауда мұнарасы ІІІ» ашылуы ӘСО дамуының үшінші сатысының аяқталуы болды.

Қазіргі күні әлемдегі ең биік ғимарат Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Бурдж Дубай (Burj Dubai) мұнарасы, оның биіктігі 818 метрді (160 қабат) құрайды.