Шара барысында қазақстандық 43 студент бауырсақ пісіріп, ет асып, тәтті дәмдер әзірледі. Сонымен қатар, белсенділер қазақы қолөнер бұйымдарын, Қазақстан туралы постерлерді келушілерге паш етті.
16:48, 29 Сәуір 2018
Бейжіңнің мәдениет фестивалінде студенттер Қазақстанды таныстырды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдағы Қазақстан студенттері қауымдастығының (KSAC) Бейжіңдегі бөлімшесінің белсенділері Халықаралық бизнес және экономика университетінде өткен мәдениет фестивалінде Қазақстанды таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.