Ұйымдастырушылар Қытай астанасының бай сәулет мұрасын тұрақты дамуға бағытталған көзқараспен үйлестірудегі ерекше қабілетін атап өтті.
— Бейжіңнің тарихи қалалық ортасы, сәтті жаңарту жобалары және жарқын сәулет мәдениеті мұра, инновациялар және тұрғындар өмірінің бір-бірін қалай толықтыра алатынын, қалаларды тұрақты және өмір сүруге қолайлы ететінін көрсетеді, — делінген мәлімдемеде.
Әлемдік сәулет астанасы атағы үш жыл сайын Халықаралық сәулетшілер одағының Дүниежүзілік конгресін өткізетін қалаға беріледі.
Бағдарлама сәулет өнерінің, қала құрылысының және мәдени мұраның тұрақты қалалық дамуды ілгерілетудегі рөлін атап өтуге арналған.
Осыған дейін Қытай елге кіру және шығу тәртібіне жаңа ережелер енгізетінін хабарладық.