Бейжің біржақты санкцияларға қарсы: ҚХР Трамптың мәлімдемесіне пікір білдірді
АСТАНА. KAZINFORM — Қытай энергетикалық қауіпсіздік саласындағы саясатын өз ұлттық мүдделеріне сүйене отырып, дербес айқындайды, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.
Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякун мәлімдеді.
— Қытай әрқашан энергетикалық қауіпсіздік саласындағы саясатында өз мүдделерін басшылыққа алады. Біз біржақты санкциялар мен сыртқы қысымға үзілді-кесілді қарсымыз, — деді дипломат.
Бұл мәлімдеме Вашингтонның Иранға қарсы санкцияларды, соның ішінде энергетика саласындағы шектеулерді халықаралық әріптестерінен сақтауды талап етіп жатқан қысымы аясында жасалды.
Бұған дейін Дональд Трамп Израиль мен Иран атысты тоқтату туралы келісімге келгеннен кейін Қытай Иран мұнайын сатып алуды жалғастыруы мүмкін екенін айтқан болатын. Алайда кейінірек Ақ үй Трамптың бұл пікірлері АҚШ санкцияларының жеңілдейтінін білдірмейтінін түсіндірді.
Сонымен қоса Қытай АҚШ-пен сауда келісімі жасалғанын растады. Жарияланған мәлімдемеде ҚХР бақылаудағы тауарлардың эскпортына рұқсат етілгенін растайды, ал АҚШ Қытайға қарсы қолға алынған шектеу шараларын алып тастайды.